Коронавирусқа байланысты ауруханаға жатудан бас тарту фактілері жиілеп кетті

Vlast.kz
Vlast.kz
«Б» жоспарына сәйкес санитарлық және эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізуде
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда коронавирус жұқтырғандармен байланыста болғандығы туралы ақпарат беруден және ауруханаға жатудан бас тарту фактілері жиілеп кетті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Осы тұста қала билігі науқаспен байланысы бар адамдарды дер кезінде оқшаулау, вирустың таралуына жол бермейтін тиімді шаралардың бірі екенін айтады. Қалалық қызметтер бекітілген «Б» жоспарына сәйкес санитарлық және эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізуде.  Сонымен қатар, билік өкілдері қауіпті дертке шалдыққан тұрғындардың, ол туралы дәрігерлерге міндетті түрде хабарлауы қажет екенін еске салды. Өйтпесе, заңға сәйкес олар мәжбүрлі түрде ем алуға жатқызылатын болады.

Новости партнеров