2020 жылғы 25 желтоқсанда ПТР-анықтамасыз ұшып келген 2 қазақстандықтан COVID-19 анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
2020 жылғы 26 желтоқсанында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Үндістан, Мальдив Республикасы, Мысыр, Түркия, БАӘ, Ресей, Беларусь және Өзбекстаннан 14 халықаралық әуе рейсі жетті. 1 606 әуе жолаушысы ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 336 адам, анықтамасыз 270 Қазақстан азаматы келді.
Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 7 рейс, 795 жолаушы, анықтамамен – 706, анықтамасыз - 89;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 416 жолаушы, анықтамамен - 346; анықтамасыз - 70;
Ақтөбе қаласының әуежайына – 1 рейс, 238 жолаушы, анықтамамен - 135; анықтамасыз - 103;
Қарағанды қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 142 жолаушы анықтамамен келді;
Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, 15 жолаушы, анықтамамен - 7; анықтамасыз - 8.
Анықтамасыз сапарлаған Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтңп жатыр.
«2020 жылдың 25 желтоқсанында анықтамасыз келген 206 Қазақстан азаматының ПТР-талдауларының нәтижелері бойынша Анталия – Нұр-Сұлтан рейсімен келген 2 жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды»,– делінген Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәліметінде.