Әлемдегі эпидемиялық жағдайдың нашарлауы аясында қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша халықты коронавирустан қорғау жөніндегі шаралар, оның ішінде маскалық режим мен өзін-өзі оқшаулаудың сақталуын бақылау күшейтілді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Айта кету керек, әлемнің бірқатар елдерінде инфекцияны болдырмау үшін жаңа шаралар қабылдануда. Мысалы, 30 қазанға қараған түні Франция COVID-19 жұқтырғандар санының өсуі аясында өзін-өзі оқшаулау режимін қайта енгізді. АҚШ-тың Нью-Йорк штатына басқа штаттардан келгендердің барлығына үш күндік карантинді губернатор Эндрю Куомо енгізді. Маска кию түріндегі қосымша вирусқа қарсы шараларды Оңтүстік Корея билігі елде коронавирус инфекциясын жұқтыру оқиғаларының көбеюі аясында енгізуде. Швейцарияның астанасы Женевада коронавирус инфекциясын жаңадан жұқтырудың өсуін бәсеңдетуге үміттеніп, бір айға күшейтілген карантин енгізуде. Балтық жағалауы елдері, Финляндия және Швеция елдерінің билігі халықты коронавирустан қорғау шараларын күшейтті: 1 қарашадан бастап Стокгольмда барлық муниципалды мұражайлар жабылды, спорт залдары мен бассейндерге баруға қосымша шектеулер енгізілді; Эстония елге кірушілер үшін екі апталық карантин енгізді және т. б.
Осыған байланысты Өңірлік коммуникациялар қызметіне онлайн-сұхбатында №8 қалалық емхананың бас дәрігері Фарида Ағыбаева Алматы тұрғындарымен коронавирустың алдын алу бойынша ұсыныстармен бөлісті.
«Қазір біз COVID-19 жағдайларының өсуін байқаймыз. Біздің емханада өткен айлармен салыстырғанда, қазан айының басынан бастап 1,5% - ға өсу байқалады. Осыған байланысты, қала тұрғындарына үйде болуға, температура пайда болған кезде учаскелік дәрігерді, жедел медициналық көмекті шақыруға кеңес береміз», – деді бас дәрігер.
Алматы әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын өз денсаулығын қорғау және айналасындағылардың саулығы үшін санитарлық-эпидемиялық талаптарды қатаң сақтауды жалғастыруды сұрайды. Коронавирус инфекциясы қарт адамдар үшін қауіпті, оларға мүмкіндігінше үйде болуға кеңес беріледі. Барлық қала тұрғындарына адамдар көп жиналатын орындарға барудан бас тарту, әлеуметтік қашықтық пен бетперде режимін сақтау бойынша ұсыныстар берілді.
Фарида Ағыбаева алматылықтарға негізгі ұсыныстар туралы еске салды:
- жеке байланыстардан аулақ болыңыз, оның ішінде құшақтау, қол алысу;
- қолды жиі жуу, үйден тыс жерде бір реттік майлықты қолдану;
- бөлмелерді желдету;
- жөтелгенде, түшкіргенде қол орамалды қолдану немесе шынтақ буынына түшкіру керек;
- үйден шықпас бұрын медициналық маска, сондай-ақ ұзын жеңді сыртқы киім кию. Үйге қайтқанда маска мен қолғапты байқап шешу қажет, ауа кірмейтіндей етіп пакетке салып, қоқыс салатын жәшікке тастау керек. Содан кейін қолды жуу немесе зарарсыздандыру.
кем дегенде 1,5 метр әлеуметтік қашықтықты сақтаңыз.
«Өздеріңізге білгілі болғандай, қалада карантин режимінің бұзылуын, соның ішінде маска режимін бұзу жағдайларын анықтайтын мобильді топтар жұмыс істейді. Мобильдік топтар тіркеген бұзушылықтар аудандық емханаларға беріледі және олар бойынша тиісті шаралар қабылданады. Өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығын сақтау үшін бетперде киюді ұсынамыз. Маска киген кезде 60-70% - ға дейін аурудың алдын алуға болады»,– деп атап өтті бас дәрігер.
Ағымдағы жылдың 2 қазанында мониторингтік топтардың тексеру шаралары барысында 27 нысан қамтылып, 3-нен бұзушылықтар анықталды:
- Әуезов ауданы - Ақсай -4 ш.а, Марғұлан к – сі, 17д мекенжайындағы «Miami» дәмханасы - сағат 23.00-ден кейін жұмыс режимін бұзу;
- Бостандық ауданы - Абай даңғылы, 52/2 мекенжайындағы «Sushi рай» дәмханасы -сағат 23.00-ден кейін жұмыс режимін бұзу;
- Түрксіб ауданы – Ақан Сері көшесі, 20/5 мекенжайында орналасқан «Lotomatic» ойын залы - уақытша тыйым салынды.
Заңды тұлғаларға қатысты анықталған бұзушылықтар бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігіне сәйкес шаралар қабылданатын болады.