Әлем елдері шекараларын жауып, қатаң локдаун енгізіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мәселен, Финляндия билігі Ресейден келетін туристерді келесі жылдың 15-ші қаңтарына дейін кіргізбеу туралы шешім шығарды. Өйткені бұл елде соңғы екі аптада коронавирус жұқтырғандар саны көбейіп кеткен. Әсіресе шетелден келген азаматтардан анықталып жатыр. Сондықтан, өзге мемлекет азаматтары Финляндияға кіре алмайды.
Ал, Италия билігі рождество мен жаңа жыл мерекелерінде карантин режимін қатаңдатуы мүмкін. Яғни, каменданттық сағат күшінде қалып, дүкендер мен барлар, ресторандар және бизнес нысандар демалыс күндері жабық болады.
Айта кетейік, нақты шешім алдағы дүйсенбі қабылданады. Осы күні жаһан жұртының 73 миллионнан көбі осы дертке шалдыққан. АҚШ, Үндістан, Бразилия, Ресей мен Франция алғашқы бестікте тұр. 1 миллион 600 мыңнан астам науқас кеселдің кесірінен көз жұмды.