Коронавирус эндемиялық инфекцияға айналуы мүмкін

АиФ
АиФ
Халықаралық ұйым мұны вирустың үнемі өзгеріп отыратындығымен түсіндірді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Коронавирус эндемиялық инфекцияға айналуы мүмкін. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хабарлады. Бұл дегеніміз оның белгілі бір аймаққа тән болатындығын білдіреді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Халықаралық ұйым мұны вирустың үнемі өзгеріп отыратындығымен түсіндірді. Әр ел пандемиямен әртүрлі күресуде дейді сарапшылар. Ал мұндай жағдайда пандемияның дамуын болжау қиын.

«Бұл вирус эндемиялық инфекцияға айналайын деп тұр. Эндемиялық деген сөз – қауіпсіз дегенді білдірмейді. Бірақ біз төтеп беруге дайынбыз. Адамдардың өмірін құтқаратын құралдар бар. Дегенмен  қырағылықты жоғалтпауымыз керек», – деді ДДСҰ COVID-19-ға төтеп беру жөніндегі сарапшысы Мария Ван Керкхове.

Еліміздегі жағдайға тоқталсақ. Қазақстанда өткен тәулікте 21 адам коронавирус жұқтырды. Оның басым көпшілігі Алматы қаласы мен елордада тіркелді. Қалған өңірлерде бірді-екілі науқастан кездеседі.


Новости партнеров