Алматыда қоғамдық орындарда санитарлық талаптар күшейтілді

Almaty.tv
Almaty.tv
Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров онлайн форматта өткен қалалық штабтың отырысында мәлімдеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда саябақтар мен демалыс орындарында, адамдар көп жиналатын өзге де қоғамдық орындарда санитарлық талаптар күшейеді. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров онлайн форматта өткен қалалық штабтың отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі жиында мегаполистегі эпидемиологиялық ахуал мен мониторингтік топтардың жұмысы талқыланды. Айтылған ақпарға сәйкес, жыл басынан бері қалада 2600 тексеру жұмысы жүргізіліп, 2200-ден астам заң бұзу фактілері анықталған. Қала әкімінің орынбасары Ashyq жобасына қатысты шектеу шараларын күшейтіп, бетперде режимі мен әлеуметтік қашықтықты сақтау қажеттігін де баса айтты.

Новости партнеров