«Қазақстан» телерадиокешені мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Sputnik.
Бұл туралы Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мәлімдеген.
«Қазақстан» ТРК-де коронавирус инфекциясының 24 жағдайы тіркелді. Кәсіпкерлер палатасында ауру таралған жоқ, тәжірибеден өтіп жатқан бір адамнан инфекция табылды», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Алматыдағы «Қазақстан» ТРК Желтоқсан көшесі, 177 мекенжайында, Сәтбаев көшесінің қиылысында орналасқан.
Санитар дәрігерлер «Қазақстан» ТРК-дағы науқастар қызметкерлерге аудандық басқармамен бірлесіп профилактикалық тексеру жүргізу кезінде анықталғанын жеткізді.
COVID-19 жұқтырғандармен, сондай-ақ байланыссыз науқастармен тікелей қарым-қатынас жасаған барлық адам тексерілді, деп нақтылады ведомство.
Сонымен қатар, «Қазақстан» ТРК-мен бір ғимаратта орналасқан және кіреберісі ортақ «Еуразия бірінші арнасының» қызметкерлері де тексеруден өтті.