Коронавирус: Ресейде бір тәулік ішінде 596 адам қайтыс болды

Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз
Қауіпті инфекциядан барлығы 40 464 пациент қайтыс болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ресейде коронавирустан бір тәулік ішінде 596 адам қайтыс болды. Сондай-ақ тәулік ішінде вирус жұқтырғандар саны 26 402-ге жетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Агенттік таратқан деректерге қарағанда, Ресейде коронавирус жұқтырып, көз жұмғандар саны бір тәулікте 569 адамды құрады. Бұл індет тарағалы бергі ең жоғарғы көрсеткіш. Бұның алдындағы тәулікте 368 адам қайтыс болған еді. Қауіпті инфекциядан барлығы 40 464 пациент қайтыс болды, деп хабарлады журналистерге сейсенбі күні коронавируспен күрес жөніндегі федералдық жедел штаб өкілдері. 

Штаб таратқан мәліметтерге қарағанда, аурудан қайтыс болу көрсеткіші әзірге 1,74% деңгейінде қалып отыр. Қайтыс болғадардың 30% ауру ең көп тараған Мәскеу (76), Санкт-Петербург (85) және Мәскеу маңындағы аймақтарға (21) тиесілі. 

Жедел штабтың мәліметтеріне қарағанда, соңғы тәулікте Ростов облысында 25 адам, Краснояр өлкесінде 22 адам, Коми Республикасында 17 адам қайтқан.

Новости партнеров