Бүгін Алматы облысында коронавирус жұқтырған тағы бір адамның кім екені белгілі болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Сырқат адам 1950 жылы туған, зейнеткер. Ол жақын арада шетелде болмаған. 3 сәуірде дене қызуы көтеріліп, басы ауырып, Қарасай ауданы Мерей ауылдық дәрігерлік амбулаториясына медициналық көмекке жүгінген. Науқас қазір Қарасай аудандық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінде ем алуда. Науқаспен байланыста болған 10 адам ауруханаға жатқызылды»- делінген ресми хабарламада.
Еске салсақ, Алматы облысында қауіпті вирус жұқтырғандар саны 10 адамға жетті.