Коронавирус: Медицина маманы қайтыс болған жағдайда 10 миллион теңге беріледі

informburo.kz
informburo.kz
Олар ауырып қалған жағдайда, 2 миллион теңге мөлшерінде сақтандыру төлемі беріледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Коронавирус пандемиясы кезінде медицина маманы қайтыс болған жағдайда 10 миллион теңге беріледі. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте еліміздің Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv

«Медицина қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірін сақтандыру мәселесі де пысықталды. Олар ауырып қалған жағдайда, 2 миллион теңге мөлшерінде сақтандыру төлемі беріледі. Құдай сақтасын, бірақ егер медициналық қызметкер қайтыс болған жағдайда, 10 миллион теңге мөлшерінде төлемақы беріледі», деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен АБАЕВ.

Новости партнеров