Олар ауырып қалған жағдайда, 2 миллион теңге мөлшерінде сақтандыру төлемі беріледі
Коронавирус пандемиясы кезінде медицина маманы қайтыс болған жағдайда 10 миллион теңге беріледі. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте еліміздің Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv
«Медицина қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірін сақтандыру мәселесі де пысықталды. Олар ауырып қалған жағдайда, 2 миллион теңге мөлшерінде сақтандыру төлемі беріледі. Құдай сақтасын, бірақ егер медициналық қызметкер қайтыс болған жағдайда, 10 миллион теңге мөлшерінде төлемақы беріледі», – деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен АБАЕВ.