Ресейде бір тәулікте 20 мың адам коронавирус жұқтырған

Фото: Андрей Любимов / РБК
Фото: Андрей Любимов / РБК
РФ-да індетке шалдыққандардың жалпы саны 1 733 440 адамға жеткен
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ресейде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 20 582 адамға жетті. Бұл – пандемия басталғалы тіркелген елдегі ең жоғарғы көрсеткіш. РФ-да індетке шалдыққандардың жалпы саны 1 733 440 адамға жеткен, деп хабарлайды Аlmaty.tv  aqmolanews сайтына сілтеме жасай отырып.

«Ресейде бір тәулікте 18 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырған Коронавируспен күрес жөніндегі жедел штабтың мәліметі бойынша өсім 1,2%-ға артқан. Бір тәулікте жазылып шыққан ресейліктердің саны 16 955 адамға жетті», - делінген хабарламада.

Елде жалпы 1 296 124 пациент сауығып шыққан. Бұл барлық вирусқа шалдыққандардың 74,8%-ын құрайды. Ресейде коронавирустан бір тәулікте 378 адам көз жұмған. Инфекциядан жалпы 29 887 пациент қайтыс болған.

Новости партнеров