АҚШ-та коронавирусқа қарсы екпе алған адам қайтыс болды

Depositphotos
Depositphotos
Марқұмға қандай вакцина салынғаны белгісіз – Moderna немесе Pfizer/BioNTech
Жаңалықтармен бөлісіңіз

АҚШ тұрғыны коронавирусқа қарсы вакцинациядан бірнеше сағат өткен соң қайтыс болды. Бұл туралы Калифорниядағы Плейсер округінің шериф кеңсесі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Желтоқсан айының соңында марқұмның коронавируспен ауырғаны анықталған. Ол тіркелген округтегі медициналық мекемесінде вакцина алмағаны расталды. Оқиғаны тергеуді бірден жергілікті және федералды деңгейде бірнеше агенттіктер жүргізді. Өлімнің нақты себебі тергеу аяқталғанға дейін жария етілмейді.

Марқұмға қандай вакцина салынғаны белгісіз – Moderna немесе Pfizer/BioNTech.

Калифорния Денсаулық сақтау департаменті, өз кезегінде, ешқандай вакцина немесе медициналық процедура қауіпті емес екенін айтты. Алайда жағымсыз реакция болуы мүмкін, бірақ оның ықтималдығы өте аз деді.

Новости партнеров