Алматыдағы эпидахуал тұрақталды – Б. Сағынтаев

Алматыдағы эпидахуал тұрақталды – Б. Сағынтаев
Қала тұрғындары арасында ПТР зерттеулерінің нәтижесі бойынша індет жұқтырғандар төмендеп келеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасындағы Akimat live бағдарламасының тікелей эфирі барысында коронавирус инфекциясы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық ахуал туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Б. Сағынтаевтың мәліметінше, Алматыдағы КВИ бойынша эпидемиологиялық ахуал тәуліктік өсім бойынша 1,0%-дан 0,7%-ға дейін төмендеді. Алайда эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасында қала "қызыл" аймақта қала береді.


Қала тұрғындары арасында ПТР зерттеулерінің нәтижесі бойынша індет жұқтырғандар төмендеп келеді. Егер 26 тамызда жұқтырғандар саны 1561 болса, ал 7 қыркүйекте 911 науқас анықталды. R саны (жұқтыру индексі) 1,02-ден 0,86-ға дейін төмендеді. «Симптомды» науқастардың саны артты, 7 қыркүйекте 95,7%, бұл COVID-19 британдық штаммының үнді штаммын ығыстыруын көрсетеді.

Соңғы 2 аптаның ішінде науқастардың жас құрамына салыстырмалы талдау, 20-39 жас аралығындағы азаматтарды қоспағанда, бүкіл жастағы инфекцияның тарлауы артқанын көрсетті. Көбінесе КВИ жұқтыру 20-39 жас аралығындағы қала тұрғындары арасында (18,6%), 40-59 жастағылар арасында (23,8%) және 60 жастан асқан қарт адамдар арасында 25%-ға жетті.

Жұмыспен қамту тұрғысынан жалпы сырқаттанушылық алдыңғы аптаға қарағанда өзгерген жоқ. Өткен 7 күн ішінде КВИ дерті әлі де өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыс жасамайтындар арасында басым - 36,6%, зейнеткерлер арасында - 23,2%, түрлі ЖШС қызметкерлері, жеке кәсіпкерлер, АҚ арасында - 16,8%, мектеп оқушылары арасында - 9% және мектепке дейінгі балалар арасында - 6, 4 %.

8 қыркүйектегі жағдай бойынша қалада 154 763 коронавирус инфекциясын жұқтырған науқас тіркелді, оның ішінде 132 796-сы  симптомды және 21 967 - симптомсыз, анықталмаған пневмония - 2 275. 

7 қыркүйекте бір тәулікте 911 коронавирус инфекциясын жұқтырған науқас тіркелді, оның 872-сі симптомды. Анықталмаған пневмония - 12.

Инфекциялық стационарларда жалпы сыйымдылығы 7 705 төсек орын бар, бұларда 3 754 адам емделіп жатыр, оның ішінде 116 бала. 184 науқас өте ауыр жағдайда, 1 534 науқастың ауыр жағдайда, 2 033 орташа және 3 жеңіл дәрежеде. РИТ бөлімінде барлығы 339 науқас бар. ӨЖЖ аппаратында - 58, инвазивті емес ӨЖЖ аппаратында - 137, High flow аппаратында - 168 .

8 қыркүйектегі жағдай бойынша КВИ вакцинасының 1-компонентін 4 184 адам, 2-компонентін 6 455 адам алды.1 ақпаннан 7 қыркүйекке дейінгі бүкіл кезеңде 895 959 адам  1-компонентті, 773 814 адам 2-компонентті алды. 60 жастан асқандар арасынан екпе алғандар  114 440 адам.

Новости партнеров