Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Кәсіпкерлік объектілерінде ASHYQ мобильдік қосымшасын енгізу туралы» жаңа қаулысы жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жаңа қаулы бойынша, егер мекеме ішінде «қызыл» және «сары» мәртебеге ие азаматтар анықталса, кәсіпкерлер Ashyq жобасына қатысушылар қатарынан шығарылады.
Туристік компаниялар, бизнес орталықтар, сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг қызметтері, жылжымайтын мүлік агенттіктері, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары, айырбастау пунктері, ломбардтардың жұмыс істеуіне рұқсат. Қала ішінде және одан тыс жерлерде көшеттер отырғызу тек мамандандырылған қызметтерге ғана рұқсат етіледі. «ASHYQ» жобасына қатысушыларды қоспағанда, көңіл көтеру мекемелерінің (караоке, бильярд, компьютерлік, түнгі клубтар мен ойын клубтары, боулинг орталықтары, балалар спорты мен ойын алаңдары, аттракциондар, батуттар және букмекерлік кеңселер мен лотереялық клубтардың) қызметіне тыйым салынады. Сонымен қатар, банкет және басқа да шара өткізуге тыйым салынады.
Мұның барлығын аудандық әкімдіктер, мемлекеттік және құқық қорғау органдары мен "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы бақылап отыратын болады.
Қаулы 24 сәуірден бастап күшіне енеді.
Қаулының толық мәтінін мына жерден оқи аласыз.