Ashyq мобильді қосымшасын елордалықтар белсенді қолдана бастады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бүгінде осы жүйе арқылы мәртебесін тексеріп, бизнес ғимаратына кірген азаматтардан коронавируспен ауырғаны туралы ақпарат анықталмаған. Кәсіпкерлер тұрғындарға өздерінің жеке мәліметтері үшін алаңдамауға болатынын сеніммен айтады. Себебі бұл жоба бойынша ақпарат Денсаулық сақтау министрлігінің базасында ғана тіркеледі. Азаматтардың ақпараты басқа органдарда жинақталмайды.
«Осын күнге дейін Ashyq мобильді қосымшасы ешқандай қиындық тудырмады. Керісінше, бізге әлдеқайда тиімді. Себебі кіріп-шығып отырған әр адамның ауырып-ауырмағанын біліп отырамыз. Алайда бұған дейін ауырып келген жандар болмады. Бұл қосымша біздің және біздің клиенттеріміздің қауіпсіз, ауру жоқ жерде жүргенімізді көрсететін өте ыңғайлы қосымша», – деді фитнес орталығының қызметкері Сәуле Төлегенова.
Елорда тұрғыны Ербол Құрымбаевтің жаттығу залына келіп жүргеніне 3 жылдан аса уақыт өткен. Ол аталған қосымша арқылы өзін қауіпсіз сезінетінін айтады.
«Кірген кезде және шыққан кезде соны түсіріп аламыз. Қызыл ма, көк па, жасыл ма? Егерде қызыл болса, адамдарды қалдырады, кіргізбейді екен. Бірақ осында кірген кезде білеміз бәрі тексерілген және ешкім ауырмайды екен. Сондықтан біз спортпен шұғылданған кезде, қауіпсіз жерде жүреміз деп ойлаймында», – деді қала тұрғыны Ербол Құрымбаев.