ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой QazCovid-In қазақстандық вакцинасын күтіп жүргенін, отандық өнімді қолдау туралы шешім қабылдағанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Ол QazCovid-In қазақстандық вакцинасының клиникалық сынақтарының соңғы кезеңі жүріп жатқанын айтты.
«Бұл – инактивті вакцина, клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулердің барлық кезеңдері біздің ерекше бақылауымызда. Денсаулық сақтау министрі ретінде мен қазақстандық вакцинаны қолданғым келді. Ол өндіріске шыққан кезде оны алғашқылардың бірі болып ектіремін», – деді Алексей Цой ОКҚ-да өткен брифингіде.
1 ақпанда Қазақстан ресейлік Sputnik V вакцинасымен коронавирус инфекциясына қарсы жаппай вакцинациялау науқанын бастап кетті. Денсаулық сақтау вице-министрлері мен санитарлық дәрігерлер вакцина салдырып үлгерді.
Жалпы қазірдің өзінде 13 301 медицина қызметкері екпе алды.