Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі медициналық мекемелерге 25 оттегі концентраторын сыйлады

almaty.tv
almaty.tv
Агенттік қызметкерлері бір күндік жалақыларын өз еркімен қайырымдылыққа аударған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі медициналық мекемелерге 25 оттегі концентраторын сыйлады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Агенттік қызметкерлері бір күндік жалақыларын өз еркімен қайырымдылыққа аударған. Нәтижесінде, бас-аяғы 27 миллион теңге жиналыпты. Бұл қаржыға дәрігерлермен ақылдаса отырып, олар ауыр жағдайдағы пневмония және коронавирустық инфекция кезінде дем алуды реттейтін құрылғы сатып алған. Бүгін ауа концентраторлары «СК-Фармация» ұйымына табысталды. Олар ары қарай облыстарға жеткізіп, үлестіріп бермек. Осыған дейін де агенттікке әріптестік аясында гуманитарлық көмек жіберілген болатын.

«Біздің агенттік осындай идеяны бастады. Кейін барлығымыз жұмыла бір күндік айлығымызды аудардық. Қайырымдылыққа келгенде тартынып қалмау керек деп ойладық. Медициналық мекемелерге қуаты мықты, сапасы жақсы ауа концентраторын сатып алдық. Бүгін міне барлық құралдарды тиеп әкелдік. Өздеріне тапсырғалы тұрмыз. Ары қарай қажеттілікке қарай облыстарға таратылатын болады», – деді  қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Данияр Таумұрат

«Бұл аппараттарды медициналық халыққа қызмет көрсету орталықтарына кімге қажетті мөлшерде керек соған жеткізіледі. Осының алдында 17 күні дүйсенбіде Корей республикасы мен және осы агенттіктің көмегімен профессор Джо Гю Юн арқылы 50 миллион АҚШ долларына 1,5 тонна медициналық тауарларды қабылдадық», – деді «СК-Фармация» компаниясының менеджері  Шолпан Әділбекова.

Новости партнеров