Денсаулық сақтау министрі 12 маусымда Асқар Маминмен Жамбыл облысына жұмыс сапарына еріп барғаны белгілі болды
Біртановпен байланыста болған Үкімет басшысы мен облыс әкімі өзін-өзі оқшаулады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Денсаулық сақтау министрі 12 маусымда Асқар Маминмен Жамбыл облысына жұмыс сапарына еріп барғаны белгілі болды. Алайда іс-сапар кезінде Біртановтың респираторлық бетпердемен жүргені хабарланды. Дегенмен екеуі де коронавируске байланысты тест тапсырған. Теріс нәтиже көрсеткен. Бұған қарамастан, еліміздің Премьер-министрі мен Жамбыл облысының әкімі өз-өзін оқшаулап, үйінен жұмыс істеуге мәжбүр болып отыр.