Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді
Алматыда 14 454 адамнан COVID-19 анықталған. Оның жартысынан көбі симптомды, 6 мыңға жуығы симптомсыз. Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның сөзінше, тәулігіне 8 жаңа жағдай тіркеліп отырады. Инфекция көбіне жұмыс орнында, үйде және аурумен байланыста болғанда жұғады. Вирус жас талғамайды. Бірақ 20 мен 40 жас аралығындағы азаматтардан көптеп анықталып жатыр екен. Осы күні қалада 139 ауру ошағы бар. Сондықтан қаланың бас санитар дәрігері карантин талаптарын сақтаған абзал екенін еске салды.
ГРАФИКА -1
Алматы қаласындағы эпидемиологиялық ахуал
Жұқтырғандар - 14 454
100.000 адамға шаққанда - 723,93
Тәулігіне - 8 жаңа жағдай (4 симптомды, 1 симптомсыз, 3 пневмония)