Жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды
ШҚО тұрғыны жеңіл автокөлікпен жылқы тасымалдаған. Тәртіп бұзушы «Мал ұрлығы» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлері патрульдеу барысында тексеру үшін 44 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы көлікті тоқтатқан. Автокөлікті тексеру кезінде артқы орындықта ер адамның тиісті құжаттарсыз, сондай-ақ тасымалдау ережелерін бұза отырып, тірі жылқыны алып бара жатқанын анықтаған.
Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Заңды шешім қабылдау үшін жиналған материал Тарбағатай аудандық ветеринарлық-аумақтық инспекциясына жолданды.