Алматыда Жамбыл облысының 44 жастағы тұрғыны және Алматы облысынан келген 24 жастағы тұрғын ұсталды. Олар екі қару-жарақ дүкенін тонады деген күдікке ілінген. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Абдрахманов Instagram-парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Күдіктілер жалға алған пәтерді тінту кезінде полицейлер ойық және аңшылық мылтықтарды, оқ-дәрілер, сауыт, оптика, бинокльдерді, әскери киімді, ұялы телефондарды, аяқкиімді тәркілеген.
Күдіктілер тонауға қатысқанын мойындады. Олар ұрланған заттарды алып қаладан кетуді көздеген.
Қазіргі уақытта ұсталғандардың жаппай тәртіпсіздіктерге және басқа да заңсыз әрекеттерге қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.