Бұл туралы Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты
Бір аптада еліміз аумағында 3 мыңға жуық қылмыс жасалған. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Бір апта ішінде 2917 қылмыс жасалды, оның 1698-і тәулік ішінде ашылды», - деді Шұғыла Тұрлыбек министрліктің баспасөз алаңында өткен брифингіде.
Оның айтуынша, полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 4 кісі өлтіруді, 6 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 2 қарақшылық, 38 тонау және 364 бөтеннің мүлікін ұрлау қылмысын ашты.