Павлодар облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің жедел қызметкерлері есірткі притонын жойды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Павлодар қаласының 37 жастағы тұрғыны «есірткіні бірлесіп пайдалану үшін нашақорларға өз үйін жүйелі түрде берді» деген күдікке ілінген. Тінту іс-шаралары барысында жедел қызметкерлер шприцтерді, бос құтыларды, күйе іздері бар ыдыстарды, сондай-ақ есірткіні пайдалану үшін қолданатын өзге де заттарды тауып, тәркіледі.
«Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті Павлодар қаласы ПБ УҰИ-ға қамауға алынды», - деп хабарлады Павлодар облысы ПД ЕҚҚКБ бастығының міндетін атқарушы Арсен Айғазин.