Ақтөбеде жоғалып кеткен 4 жасар баланың зорлық белгілері бар мәйіті табылды

baq.kz
baq.kz
Күдікті ұсталып, қамауға алынды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтөбе қаласында 4 жасар Данил Ахуновтың мәйіті табылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады. Данил Ахуновтың денесінен зорлықтың белгілері анықталған. Қазір күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Еске сала кетейік, Данил осыдан екі күн бұрын таңертең жоғалып кеткен еді. Баланы әкесі үйдің кіреберісінде қалдырып, өзі дүкенге кеткен көрінеді. Ал шыққан сәтте оны таппай қалған.

«Баланы іздеуге полицияның кешенді күшін, жасақтар, Ұлттық Ұланның қызметшілері мен еріктілер тартылды. Қараусыз қалған гараждар, саяжайлар, орман алқаптары және кәріз құдықтары тексерілді. Сүңгуірлер жақын маңдағы су айдындарын тексерді. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 3-бөлігі жас баланы өлтіру бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр», – деді Полиция департаменті бастығының орынбасары Ғалым Байжанов.

Новости партнеров