Ұсталған 30 жастағы ер адам Жамбыл облысының тұрғыны
Нұр-Сұлтанда есірткі сатқан Жамбыл облысының тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«27 қазанда Нұр-Сұлтан Полиция департаментінің қызметкерлері арнайы операция кезінде есірткі тасымалдаған Lada Granta көлігінің жүргізушісін ұстады. Тінту кезінде көлік ішінен наша салынған полиэтилен пакет табылды», – деп мәлімдеді полициядағылар.
Бұдан басқа көлік жүргізушісінің орындығының астынан оқ-дәрісі бар тіркелмеген травматикалық тапанша және есірткі салынған 11 орам тәркіленген.
Ұсталған 30 жастағы ер адам Жамбыл облысының тұрғыны және бұған дейін шабуыл жасағаны үшін сотталған. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүріп жатыр.