Орал – Атырау тасжолында ресейлік жалған нөмірлі көлікпен ұрлық жасағандар ұсталды. Тексеру барысында екі азаматтың 10 млн теңге көлеміндегі құралдарды қолды қылғаны анықталған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Мәлім болғандай, аталған іске қатысы бар азаматтар Қарағанды қаласының 36 және 39 жастағы тұрғындары болып шықты.
«Аталған күдіктінің біреуі Казталов полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Олардың келтірген шығын мөлшері 10 млн теңгеден асады. Аталған факт бойынша ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - деді БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметкері Лунара Аманғалиева.