Қазіргі уақытта сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
Қарағанды – Нұр-Сұлтан тасжолында жол апаты болып, 5 көлік соқтығысты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Соның салдарынан 2 адам қаза тапқан. Ресми ақпарға сүйенсек, оқиға кеше кешке болыпты. Мамандар шұғыл тергеу тобының апат орнында сараптама жүргізуі нәтижесінде жолды жабуға тура келді дейді.
«Теміртау қаласында Қарағанды – Нұр-Сұлтан бағытындағы тасжолда 5 көліктің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы ҚР Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деді Қарағанды облысы ПД баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.