Жаркентте ойын клубына қарулы шабуыл жасалып, 1 млн теңге ұрланды

Almaty.tv
Almaty.tv
20 жастағы азаматтан ұрланған ақшаның жартысы мен тапанша тәркіленген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жаркентте ойын клубтарының біріне қарулы шабуыл жасалып, 1 миллион теңге ұрланған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Полиция басқармасының мәлімдеуінше, тапаншамен қаруланған бұзақылар қорқыту мақсатында бір оқ атқан. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары тексеріс барысында диаметрі 9 милиметр гильза тапты. Ал ұсталған үш күдіктінің Жаркент қаласының тұрғындары екені анықталды.

20 жастағы азаматтан ұрланған ақшаның жартысы мен тапанша тәркіленген. Ал соманың бір бөлігі 22 жастағы екінші күдікті мен 23 жастағы сыбайласынан тәркіленді.

«Аталған қылмыс ізі суымай ашылған болатын. Іске қатысты 3 күдікті Алматы қаласында ұсталды. Бәрі кінәсін толығымен мойындап отыр. Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Қолға түскен күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деді Алматы облысы ПД ресми өкілі Ақбота Әзірбек.

Новости партнеров