СҚО-да шетелге кеткен балаға жәрдемақы төленіп келген

elements.envato.com
elements.envato.com
Осылайша 5 млн теңгеден астам соманы қалтаға басқан
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы бюджет қаражатының жұмсалуына талдау жасай отырып, әлеуметтік төлемдерді төлеуде заң бұзуға жол берілгенін анықтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

СҚО прокуратурасының мәліметінше, әлеуметтік кодекстің 71-бабына сәйкес бірге тұратын кәмелетке толмаған үшеуден көп баласы бар көпбалалы отбасыларға ай сайын мемлекеттік жәрдемақы түрінде әлеуметтік қорғау қарастырылған.

Кодекстің осы белгіленген талаптарына қарамастан, Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсаты бар 8 шетелдік отбасы заңсыз әлеуметтік жәрдемақы алып келген. Олар балаларының басқа елге кетуіне байланысты өздерімен бірге тұрмайтынын уәкілетті органға хабарламаған. Салдарынан жәрдемақы төлене берген. Осылайша 5 млн теңгеден астам соманы қалтаға басқан.

Прокурорлық қадағалау актісімен бұл отбасыларға төлемдер тоқтатылды, олардан заңсыз алынған ақшаны ерікті түрде өтеу туралы міндеттемелер алынды.

Бұдан былай мұндай фактілерді болдырмау мақсатында әлеуметтік қорғау органдары ақпараттық жүйелерді интеграциялау жөнінде шаралар қабылдайды. Нәтижесінде азаматтардың мемлекеттік шекарадан өтуі туралы деректерді алып отырмақ.

Оқи отырыңыз: Бес адамның өліміне себепкер болған: Астанада жатақхана иесі сотталды

Новости партнеров