Қаржы пирамидасын ұйымдастырған күдікті Украинадан елге жеткізілді. Бұл туралы Қазақстанның Бас прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ведомство дерегінше, экстрадицияланған азамат 2017 және 2019 жылдар аралығында бөтеннің мүлкін жымқыру мақсатында жалған жобаларға айла-тәсілмен адамдарға ақша салдырған көрінеді. Қылмыс салдарынан 240 азамат жалпы 1 миллиард теңгеден астам шығынға батқан. Жымысқы әрекет әшкере болғанда күдікті бой тасалап, сол кезден бастап оған халықаралық іздеу жарияланған еді.
– Тамызда күдіктіні Украинаның құқық қорғау органдары ұстады. Қазіргі кезде ол Астана қаласындағы тергеу изоляторына қамалды. Егер оның кінәсі дәлелденсе, 5 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, – деді ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Дархан Дүйсембай.
Оқи отырыңыз: Ресейлік кейуана 20 жылға жуық уақыт Қазақстаннан зейнетақы алып отырған