Тергеу амалдары жалғасып жатыр
Канаданың Вон қаласындағы тұрғын үйде атыс болып, 6 адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қайтыс болғандардың арасында оқ жаудырды деген ер адам да бар. Оны тәртіп сақшылары дәлізде атқан. Жергілікті полиция қызметкерлерінің мәлімдеуінше, күдікті қаруымен әртүрлі пәтерде тұратын 5 адамды атып өлтірген. Алдын ала мәлімет бойынша, олар сол үйдің басқарма мүшесі болған. Әзірге қаскөйдің не себепті мұндай әрекетке барғаны белгісіз. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.
«Офицерлер мен осы үйдің 73 жастағы тұрғыны арасында атыс болып, күдікті үшінші қабатта мерт болды. Оның есімі - Франческо Вилли. Ол 24 жылдық тәжірибесі бар Йорк аймақтық полициясының ардагері. Ол бұрын қызметінде көп адамның өмірін құтқарған еді», – деді Вон қаласының полиция бастығы Джим Максвин.