Даудың бәрі жылу құбырын жөндейтін компанияның шағымынан басталған
Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Исахов 8 жылға сотталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Экс-шенеунік былтыр шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты департамент басшысының орынбасарына пара бермек болды деген айыппен ұсталған. Тергеу абақтысында жатқан азамат тағылған кінәні мойындаған жоқ. Ол керісінше, комитет өкілі ақша бопсалағанын айтты.
– Сот Исаховты «аса ірі мөлшерде пара беруге оқталу бабы» бойынша кінәлі деп тауып, 8 жыл 5 ай 7 күнге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ ол мемлекеттік қызмет атқара алмайды. Исаховтан «Құрмет» орденін қайтарып алу жөнінде ұсыныс енгізілді, – деді Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Әлинұр Қарабаев.
Даудың бәрі жылу құбырын жөндейтін компанияның шағымынан басталған. Мемлекеттік сатып алудан жеңген кәсіпкер Исаховтың үстінен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне арызданады. Осыдан кейін экс-шенеунік істі жабу үшін пара ретінде 200 мың АҚШ долларын ұсынды деп ұсталды. Бұл бап «Пара беруге оқталу» деп ауыстырылып, ортадағы сома мемлекетке тапсырылды.
Оқи отырыңыз: Әжетханадан табылды: Сарыағашта үш жастағы қыздың денесі жер қойнына тапсырылды