Жантүршігерлік автобус апаты: қоғамдық көліктің бейнебақылау камерасы тексерілмейді

 Almaty.tv
Almaty.tv
Сот бұл өтініш-хатты қанағаттандырмады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Бүгінгі тыңдалымда мемлекеттік айыптаушы жәбірленуші Ермек Шөкебаева мен сотталушы Дархан Ахметжановтың беттестіру хаттамасын оқыды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұған дейінгі отырыста іске қатысты 8 мәселе бойынша кешенді сараптама жүргізу қажет екеніні айтылған өтініш түскен. Соның бірі – апат болған күні жүргізуші мен айыпталып отырған жолаушының арасындағы жанжалды зерделеу. Ол үшін қоғамдық көліктің бейнебақылау камерасының дыбыс жазбасы тексерілуін сұраған. «ДуманТранс» компаниясының өкілі қоғамдық көліктерді сатып алған «Самарқанд Автомобиль» зауытына хат жазыпты. Ал қорытынды жауапта «камерада дыбыс жазатын құрылғының қарастырылмағаны» айтылған. Сот бұл өтініш-хатты қанағаттандырмады.

– ҚР ҚК 344-бабы, 3-бөлігіне сәйкес, сот орнында отырып қаулы етті. Біріншіден, қоғамдық көліктің ішіндегі бейнекамераға сараптама тағайындау қажет емес. Сот «ДуманТранс» өкілі ұсынған ресми анықтамада дыбыс жазу мүмкіндігі жоқ. Екіншіден, «кешенді сараптама тағайындау туралы өтінішхатта көрсетілген сұрақтар тағылған айыпқа қатысы жоқ» деген шешім шығарды, – деді судья Тәкен Шакиров.

Дүйім жұртты дүрліктірген сот процесінің бүгін жарыссөзі болуы керек еді. Алайда сотталушының адвокаты дайын емес екенін және бұдан бейхабар болғанын айтып ақталды. Бірақ судья өткен отырыста ескертілгенін жеткізді. Ал апат салдарынан жұбайынан айырылған жәбірленуші осыған дейін жүргізушіге қатысты айтып келгенін тағы қайталады. Айнұр Құсайынованың сөзінше, Ермек Шөкебаева дауласпаса, қайғылы жағдайды болмайтын еді.

Айта кетейік, екі тараптың жарыссөзі ертең сағат 11:00-ге қалдырылды.

– Біріншіден, ешкім ешкімді жайдан-жай ұрмайды. Екіншіден, жағдайды ушықтырмау керек еді, сен өз жұмысыңа жауапты жүргізушісің. Автобустың ішінде отырған адамдардың өміріне жауап бересің, – деді жәбірленуші Айнұр Құсайынова.

Новости партнеров