Тәуекел Мүсілім шаңырақ көтергенін растады (фото)

25.11.2019 15:12

Тәуекел Мүсілімнің үйленгені жайлы Ләйла Сұлтанқызы өзінің Instagram парақшасында жазды

Отандық тележүргізуші, журналист Ләйла Сұлтанқызы Тәуекел Мүсілімнің шаңырақ көтергенін айтып, жас жұбайларды жаңа өмірге қадам басуымен құттықтады. Сонымен қатар, танымал актердің өзі де отбасылы болғанын растады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тәуекел Мүсілімнің үйленгені жайлы Ләйла Сұлтанқызы өзінің Instagram парақшасында былай деп жазды:

Бұл 2016-ның жазы қателеспесем...(1-сурет) Тәуекел қолдау көрсеткен "Менің екінші кітабымның" тұсаукесері. Бірнеше қалада өткен кездесулерде суретке түсуге келген қыздардың санын көріп, оқырман мені емес, Тәуекелді көруге келді дерсіз. Оны көпшілік жақсы көреді, сері жігіттің эталонына балайды. Оның себебі Тәуекелдің тек сырт келбетінде ғана емес, жандүниесінің сұлулығында дер ем. Өзі де, сөзі де түзу Тәуекел ісімен сыйлы. Əр іске жауапкершілікпен қарайды, артық сөйлемейді, үлкенге құрметі қандай?!. Анаңа рақмет, көрегендігің үшін, тәрбиең үшін. Жаңа ғана жағымды жаңалығыңды естіп, қуанып отырмын. Жақсы жігіт сендей-ақ болсын. Махаббат екеуіңді құттықтаймын! Бақытқа лайықсыңдар", - деді тележүргізуші.

Мұны көрген көпшілік талай арудың жүрегін жаулаған актер мен оның Махаббат есімді ғашығына бақыт тіледі.

Ал осыған дейін "бұйырған күні" шаңырақ көтеретінін айтып жүрген Тәуекелдің өзі де отбасын құрғанын мойындады.

Ол Instagram-дағы Stories-ға жұбайымен бірге түскен суретін салып, келіннің беті ашылғанын және үлкендердің ақ батасын алғанын жеткізді.