Күшейтілген санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып жұмыс істеуге рұқсат етілген
Елорданың бас санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева қаладағы кинотеатрлардың жұмыс кестесі жайында айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Оның айтуынша, 26 желтоқсаннан бастап орындар санын 30 пайыздан асырмай, көрермендерді екі орын сайын және қатар бойынша шахмат тәртібімен отырғызу арқылы, күшейтілген санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, кинотеатрлардың жұмыс жасауына рұқсат етіледі.
«Кинотеатрлар жұмыс, демалыс және мереке күндері сағат 10:00-ден 24:00-ге дейін жұмыс істейді. Егер карантин және шектеу шараларын бұзу фактісі анықталса, кинотеатрлардың жұмысы тоқтатылады»,– деді Жанна Пірәлиева онлайн брифингіде.
Бұдан бұрын хабарланғандай, елорданың бас санитарлық дәрігері қоғамдық көлік жұмысындағы өзгерістерді түсіндірді.