Жақында жұртқа жаңа бейнебаянын ұсынған Кәмшат Жолдыбаева өз Instagram парақшасында Азамат Сатыбалды, Тәуекел Мүсілім және Нұрболат Абдуллинмен түскен суретін жариялады. Ал көпшіліктің көзі әнші қызға емес, танымал актердің жаңа образына түскен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Кәмшаттың айтуынша, Шымкентке аттанып бара жатқан өнерпаздар жаңа бейнебаян туралы талқылаған.
"Шымкенттен ауылға қайтып барамыз. Азамат мені "Неге клипке мен емес, Тәуекел емес, Нұрболат емес, Руся түсті?" деп сұрақ астына алуда...", - деп жазған ол.
Дегенмен, жұрттың назарын Кәмшат емес, образын өзгерткен Тәуекел Мүсілім аударды. Оқырмандардың бірі актердің өсіп кеткен шашы туралы айтса, енді бірі шалбарының тізесі шығып кеткен деп қынжылды.