Ақтөбе облысында тағы бір сарбаз суицидтен көз жұмды

Almaty.tv
Almaty.tv

Мерзімді қызметтің әскери қызметшісі өзіне қару жұмсаған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтөбе облысындағы әскери бөлімде әскери қызметшісі - сарбаз көз жұмды. Бұл туралы ақпаратты Ақтөбе гарнизонының баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

"Биылғы 23 қарашада Ақтөбе гарнизоны әскери бөлімдердің бірінде қарауыл қызметіндегі мерзімді қызметтің әскери қызметшісі өзіне қару жұмсап, көз жұмды", - делінген хабарлама.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Мұндай оқиғалар соңғы уақытта жиілеп кетті. Еске салсақ, жуырда ғана ШҚО-да мерзімді қызметтегі әскери қызметші қаза болды.  Алдын ала мәлімет бойынша өлім себебі — суицид. Сондай-ақ 2024 жылғы 14 қарашада Жаркент гарнизоны әскери бөлімдерінің бірінің офицері қайтыс болды.

Оқи отырыңыз: Сарбаз өлімі: Жаркент гарнизонындағы әскери бөлімде күдікті 4 адам ұсталды

Новости партнеров