Алдағы күндері республика аумағының басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады
"Қазгидромет" синоптиктері 1, 2 және 3 сәуір күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алдағы күндері республика аумағының басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, солтүстік және шығыс өңірлерде түнгі уақытта жаңбырдың соңы қарға айналуы мүмкін.
Орталық пен оңтүстік аймақтарда ғана жоғары қысым алқабының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Батыс, солтүстік және шығыс өңірлерде желдің күшейіп, таулы аудандарда тұман түседі.
1Ел аумағының басым бөлігінде күндіз температура 8-13 градустан 15-20 градусқа дейін, оңтүстікте 18-23 градустан 20-28 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста 12-20 градустан 18-23 градусқа дейін көтеріледі, ал шығыста 5-15 градус жылы болады. Батыста температура 15-25 градустан 13-22 градусқа дейін төмендейді1, – делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Алматыдан 178 шақырымда жер сілкінді