Алматыда Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған «Алаштың сөнбес жұлдызы» атты республикалық шығармашылық байқаудың жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының ұйымдастыруымен өткен сайысқа тек медицина қызметкерлері қатысты. Іс-шараның басты мақсаты – дәрігерлер арасында ана тілі мәдениетін қалыптастыру, Мағжан Жұмабаевтың мұрасын насихаттау және ақ халаттылар арасында шығармашыл тұлғаларды анықтау.
– Марқасқа ақын Мағжанды ел болып ұлықтау іс-шарасына денсаулық сақтау саласының қызметкерлері де атсалысып жатыр. Арнау өлең оқып, қатысып ем, бірінші орын бұйырыпты! Өте қуаныштымын! Қазақта ақын, жазушылары көп. Мағжандай ақындарды ұлықтау – парызымыз, – деді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметкері Жадыра Саттарова.