Ресейлік «Звери» тобының әншісі Роман Билык Алматыдағы барахолканы аралады. Ол Instagram желісіндегі Stories-те алған әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Айта кетсек, 27 қазанда Алматыда «Звери» тобы ән кешін өткізген еді.
Топтың солисі Роман Билык концерт алдында қаладағы ең үлкен базар – барахолканы аралауды ұйғарған. Instagram-дағы Stories-те әсерімен бөліскен әнші базардан қауын сатып алғанын айтты.
«Балалармен бірге жасыл қауын сатып алдық. Ол тәтті болады деп үміттенемін», - дейді әнші роликтердің бірінде.
Сонымен қатар, Роман барахолканың тыныс-тіршілігін көрсететін суреттермен бөлісті.
Әнші жұрт назарын өзіне аудармау үшін, қара түсті көзілдірік тағып, кепка киген. Әншінің барахолкада емін-еркін жүргеніне қарағанда, көпшілік оны танымаған сыңайлы.