Отандық өнер жұлдыздары қазақ күресінен чемпиондық белбеуді сарапқа салады
Қазақстандық әртістер Наурыз мейрамы кезінде қазақ күресінен «Өнер барысы» республикалық турнирінде бақ сынайды.
«Өнер барысы» республикалық турнирі 21 наурызда «Дәулет» спорт кешенінде өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Чемпиондық белбеуді жиырмаға жуық өнер жұлдызы сарапқа салады. Ережеге сәйкес, дүбірлі додаға 16-36 жас аралығындағы жұлдыздар қатыса алады.
Боз кілемде әншілер Қайрат Нұртас, Абай Аязбаев, Серік Ибрагимов, Амангелді Өтешов, Нұрболат Абдуллин, вайнер Мейіржан Төребаев, актерлер Асылхан Төлепов, Артур Төлепов, Аян Өтепберген, Еркебұлан Дайыров, айтыскер ақын Әлібек Серғалиев және тағы басқалары белдеседі.
Турнирді Астананың мәдениет және спорт басқармасы, қазақ күресінен Қазақстан федерациясы, «Хабар» телеарнасы мен «Айтыс – асыл мұра» қоғамдық қоры ұйымдастырады.
Ережеге сәйкес, дүбірлі додаға 16-36 жас аралығындағы шығармашылық маман өкілдері қатыса алады.