Алматыда суретші Флобер Мұқановтың көрмесі өтті

Алматыда суретші Флобер Мұқановтың көрмесі өтті
Сахна көркемдеудің үздік шебері 1978 жылдан бастап әкем театрда суретші қызметін атқарған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда суретші, еліміздің еңбек сіңірген қайраткері, қазақ анимациялық киносының негізін салушыларының бірі Флобер Мұқановқа арналған көрме өтті. Шара Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Сахна көркемдеудің үздік шебері 1978 жылдан бастап әкем театрда суретші қызметін атқарған. Ғұмырында қазақ сценография өнерінің дамуына үлес қосып, «Майра», «Шыңғысхан», «Абай» сияқты спектакльдердің декорациясын жасады.

Сондай-ақ, «Күлмейтін комедия», «Жұлдыз», «Абай-Әйгерім» сынды қойылымдардың сценограф суретшісі болған. Көрмеге шебердің 22 еңбегі мен жеке қорынан алынған материалдар қойылып, көрермен назарына ұсынылды.

«Әрине, театрда көбіне ірі тұлғалар туралы, өнер қайраткерлері туралы көптеген көрмелер қойылып жатады. Мұндай көрме бірінші рет қойылып жатыр деп айтсам болады. Мұнда суретшілер де, көптеген сценографтар келіп, танысып білсе дейміз, жас ұрпақ білсе дейміз», –  деді М. Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театры музейінің жетекшісі Наргиз ТАМАБЕКҚЫЗЫ.

Флобер Мұқанов пейзаж, графика жанрларында өзіндік қолтаңбасы бар суретші ретінде де белгілі. Оның графика, акварель, темпера техникасында салған көркем өнер туындылары мемлекеттік және жеке қорларда сақталған. Биыл өнер иесінің өмірден озғанына 10 жылдың жүзі болды. 

«Әкемнің театр үшін жасаған еңбегі бір басқа. Театрдан тыс уақыттарда ол авторлық графика жасауды көп армандады. Сол туындылары да бүгінгі көрмеге қойылып отыр. Бұл менің жеке пікірім шығар, бірақ мен кәсіби суретші ретінде әкемнің жұмыстарын жоғары бағалар едім. Бұл  оның табандылығының жемісі»деді Флобер Мұқановтың ұлы, суретші Мәлік МҰҚАНОВ.

Новости партнеров