«Аллаға арналған сыйлық» концерті 8 сәуірде Мәскеудегі Крокус Сити Холл ғимаратында өтеді
Димаш Құдайберген ресейлік әнші Алла Пугачеваның шығармашылық кешіне қатысады. Бұл туралы әнші Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Алла Борисқызы Пугачеваның шығармашылық кешінде кездескенше», - деп жазды ол.
«Аллаға арналған сыйлық» концерті 8 сәуірде Мәскеудегі Крокус Сити Холл ғимаратында өтеді. Оған Григорий Лепс, Сергей Шнуров, Светлана Лобода, Валерий Леонтьев сынды танымал жұлдыздар қатысатыны күтілуде.
Кеш жүргізушісі - әзіл-сықақшы Максим Галкин.
Айта кетейік, Димаш Құдайбергеннің 22 және 23 наурыз күндері Кремль сарайында өткен концерттері аншлагпен өтті. Димаштың өнерін тамашалауға әлемнің 50-ден астам елінен жанкүйер келді.