Елдегі концерттік бірлестіктер өзара келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Меморандумға қол қойған мәдени мекемелердің басшыcы жиынды әуелі аталған саладағы мәселелерден бастады. Қордаланған тақырыптарды шешуге ұмтылған кеңес: «Әр аймақтағы филармониялардың жағдайы бір-біріне ұқсайды» дейді.
«Ең үлкен мәселе – гастрольдік карта. Содан кейін портал арқылы мемлекеттік сатып алу, репертуар мәселелері бар. Композиторлармен кездесіп, репертуар жағы қалай болады деген сұрағымызды қойдық», – дейді Қ. Байжанов атындағы концерт бірлестігінің басшысы Талғат Ыдырысов.
Алматыдағы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында өткен жиынға елдің әр аймағындағы мәдениет өкілдері қатысты. Концерттік ұйым басшыларының басты міндеті – меморандум аясында ортақ шешімге келу, одан нәтиже көру.
«Іс-шара екі бағытқа бөлінеді. Біреуі – жалпы филармонияның өзінің арасындағы келісім, меморандумға қол қойылды. Екіншісі, бізден уәкілетті орган ретінде министрлікке ұсыныс берілетін болады», – деді Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры Ақан Әбдуәлиев.
Оқи отырыңыз: Жаңа білім беру хабы: Орталық Азия университеттерінің ректорлары Алматыда бас қосты