Алматыда «Самаурыныңыз сарқылмасын» атты көрме ашылды

Almaty.tv
Almaty.tv
Мәдени шараға келушілерге 50-ден астам экспонат қойылса, соның 20-сы – самаурын
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін Алматы музейінде «Самаурыныңыз сарқылмасын» атты көрменің ашылуы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.      

Мәдени шараға келушілерге 50-ден астам экспонат қойылса, соның 20-сы – самаурын. Оның барлығы – 19 ғасырда қазақ даласындағы этномәдени байланыстар нәтижесінде пайда болған тұрмыстық заттар. Яғни, ата-бабаларымызға сауда-саттық пен айырбас түрінде келіп, күнделікті қолданыста пайдаланған.  

«Өсіп келе жатқан ұрпаққа ата-әжелеріміз қалай өмір сүрді, нені пайдаланды, қандай тұрмыстық заттарды тұтынды, соны тек ауызша айтып қана қоймай, көрсетсек дейміз. Біз бұл көрменім узейлік сабақтарға да пайдаланамыз», – деді қалалық Музейлер бірлестігі директорының орынбасары Қайрат Тарбаев.

Мамандардың айтуынша, халық мұндай заттарды 50 жылдан астам пайдаланған жағдайда, этнографиялық мәдениетінің бір бөлігі ретінде қарастыруға болады екен.

«Жалпы, самаурын шамамен 19-шы ғасырда Ресей отаршылдығының нәтижесінде пайда болған деп есептелінеді. Дегенмен қазіргі қазақ қоғамы үшін самаурын қазақтың төл мәдениетінің бірі ретінде қабылданып жатыр», – деді әл-Фараби атындағы ҚАЗҰУ тарих факультетінің деканы Меңдігүл Ноғайбаева.

Новости партнеров