Қор нарығында доллар өсті

03.08.2022 21:17

Доллардың 3 тамыздағы ресми бағамы - 475,79 теңге

bestnews.kz

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,62 теңгеге өсіп, 476,27 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 3 тамыздағы ресми бағамы - 475,79 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу - 475,62 теңге, сату - 480,13 теңге. 

Теги: қаржы