Қазақстанда доллар бағамы күрт көтеріліп кетті

28.11.2024 13:52

Ақша айырбастау пункттерінде доллар 520 теңгеден сатылып жатыр

Фото: unsplash.com (Giorgio Trovato)

Қазақстандағы ақша айырбастау пункттерінде долларды сатып алу және сату бағамы күрт көтеріліп кетті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Қазіргі кезде доллар бағамы 520 теңгеге дейін көтерілген.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, бір доллардың құны 516-520 теңге аралығында. Тіпті мегаполистің кейбір ақша айырбастау пунктінде 522 теңгеден сатылып жатыр.

Ал 1 еуроның бағасы 540 теңгеге жетті, орташа баға 538,5 құрайды.

Ұлттық банк 28 қарашада белгілеген доллардың ресми бағамы 499,51 теңге, еуро – 525,38 болды.

  • Алматы – сатып алу – 515–517 теңге, сату – 520–522 теңге;
  • Астана – сатып алу – 515 теңге, сату – 519 теңге.
  • Шымкент – сатып алу – 515–516 теңге, сату – 519-523 теңге.

Бұған дейін ҚР Ұлттық банкі мен валюта айырбастаушылары 28 қарашаға арналған валюта бағамын 499,51 теңге, ал еуро бағамын 525,38 теңге деп жариялаған болатын.

Оқи отырыңыз: Қаржы пирамидасы: елімізде азаматтардың құқығы қалай қорғалып жатыр