Министр: Қазақстанда қатерлі ісіктен көз жұматындардың дені – ерлер

Sputnik
Sputnik
Обырға алғаш шалдыққандардың 60 процентке жуығы – 18 жастан 63 жасқа дейінгі адамдар
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстандықтар арасында сүт безі, өкпе және асқазан обыры кең таралған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Министрдің айтуынша, 1 қаңтардағы жағдай бойынша елімізде қатерлі ісік диагнозымен 181 000 пациент диспансерлік бақылауда тұр.

Былтыр 35 753 адам алғаш рет есепке алынған, оның 44,3%-і – ерлер және 55,7%-і – әйелдер.

«Обырдан қайтыс болғандардың арасында ерлер 53,8%-ті құрайды. Қатерлі ісікке алғаш шалдыққандардың 60%-ке жуығы – 18 жастан 63 жасқа дейінгі еңбекке қабілетті жастағы адамдар», - деді Біртанов мәжілістегі үкімет сағатында.

Қазақстандықтар арасында қатерлі ісіктің кең таралған түрлері мыналар: сүт безі обыры (12,6%), өкпе обыры (9,9%), асқазан обыры (9,9%). Одан кейінгі орында –  жатыр мойны қатерлі ісігі және тоқ ішек (4,7%) обыры.

«Өлімнің негізгі себептері – өкпе (16,5%),  асқазан (11,5%) және сүт безі қатерлі ісігі», - деді министр.


Новости партнеров