Әлеуметтік сақтандыру: Алматы қаласынан 35 млрд теңгеге жуық жарна аударылды

Zakon.kz
Zakon.kz
Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарнасын төлеу жағынан Алматы шаһары көш бастап келеді. Бүгінге дейін Медициналық сақтандыру қорына оңтүстік астаналық жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлерден 34,8 млрд теңге түскен, деп хабарлайды МСҚ Алматы қалалық филиалы.

Хабарламаға сүйенсек, алматылықтардың жарнасы жалпы республика бойынша жинақталған соманың бестен бір бөлігін құрап отыр. Төлемдерің негізгі бөлігі немесе 32,3 млрд теңгесі – жұмыс берушілердің өз қарамағындағы жұмыскерлер үшін аударған жарнасы.

«Сақтандыру жүйесіне 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап қатыса бастаған жұмыс берушілер жарна төлеуді белсенді түрде жалғастырып келеді. Ал, 2017 жылдың екінші жарты жылдығында өзі үшін жарна аударған жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғалар 2018-2019 жылдары міндетті төлемнен босатылған болатын. Бірақ олар жұмыс беруші ретінде жарна аударуға міндетті», - делінген хабарламада.  

Естеріңізге сала кетсек, жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады және 2020 жылдан бастап МӘМС пакетіне кіретін қызметтер ақысын төлеуге жұмсалмақ. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген.  

Бүгінгі таңда МСҚ мемлекеттік тапсырыс бойынша көрсетілетін тегін медициналық көмек пакетінің қаржылық операторы болып табылады.

Новости партнеров